420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қайрат Рахымов ҚР энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды

  • 380
  • UPD: 10:34, 21.02.2020
Қайрат Рахымов ҚР энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 21 ақпандағы Қаулысымен Қайрат Болатұлы Рахымов Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды. 

Қайрат Рахымов 1985 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген. 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Сеул ұлттық университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2006 жылы Қарағанды қаласында «Қарағанды-Жарық» ЖШС-да электромонтер болып бастаған. 

2007-2015 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде және Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы лауазымдарын атқарған. 

2015-2018 жылдары — ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары.

2018 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаментінің директоры қызметін атқарды.

Ақпарат көзі: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы