427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс төрағасы Еуропалық Парламент делегациясын қабылдады

  • 434
  • UPD: 17:43, 25.02.2020
Мәжіліс төрағасы Еуропалық Парламент делегациясын қабылдады

Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Фульвио Мартушелло бастаған Еуропалық Парламенттің делегациясын қабылдады.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, Еуропалық одақ біздің еліміздің стратегиялық әріптесі саналады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельмен ынтымқтастық мәселесіне ерекше зор көңіл бөліп келеді. Осы сыртқы саяси бағыт ұстанымдарын қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев одан әрі жалғастыруда. Н.Нығматулин ынтымақтастық орнаған 27 жыл ішінде өзара іс-қимыл белсенді дамып келе жатқанын алға тарта келіп, 1 наурыздан бастап толықтай күшіне енетін Кеңейтілген әріптестік туралы Келісім Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы екіжақты қатынас тарихында жаңа кезең басталғанын білдіретінін және қазақстандық-еуропалық байланыстың барлық қырлары бойынша байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретінін баса атап өтті. Өз кезегінде Мартушелло Қазақстанды Еуропа бойынша стратегиялық, ал, Орталық Азия деңгейінде көшбасшы ел ретінде жоғары бағалайтынын жеткізді. Қазақстанның адам құқығын қорғау, алға ұмытылу жолындағы батыл қадамдары қызығушылылық туғызатынын айтты. Мәжіліс спикері Еуропалық Парламентте алғаш рет Қазақстанмен достық тобы жұмыс бастағанын алға тарта отырып, әріптес тараптың парламентаралық диалогты нығайту ниеттеріне қолдау білдірді. Одан әрі «Қазақстан Респубикасы – Еуропалық одақ» парламентаралық ынтымақтастық комитеті, достық тобы және партияаралық іс-қимыл аясында етене байланыс орнату маңыздылығына тоқталды.

Ақпарат көзі: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы