419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Асқар Мамин Өзбекстан президентімен кездесті

  • 570
  • UPD: 20:26, 25.02.2020

Ташкент қаласында Премьер-министр Асқар Мамин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. «Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Сізбен бірге Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығарудың негізін қалады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақтастықты сыртқы саясаттың негізгі қағидаты ретінде құптай отырып, Өзбекстан Республикасымен өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөледі», - деді Асқар Мамин.

Айта кеткен жөн, Өзбекстан – Қазақстанның аймақтағы аса маңызды сауда серіктесі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі 4,1 млрд долларға жетті. 2020 жылдың соңына дейін тауар айналымын 5 млрд долларға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстанда 3 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы