431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

  • 212
  • UPD: 19:52, 25.02.2020
Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады akorda.kz

Президент бүгін Қарағанды облысының әкімін қабылдап, өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс саласына баса мән берілді. Тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру, көп балалы отбасыларды баспанамен қамту жайы да сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмекті белгілі бір санаттағы азаматтарға берудің, сондай-ақ еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтудың маңыздылығына тоқталды. Соңында Қарағанды облысындағы көктемгі су тасқыны жағдайын мұқият бақылауға алып, төтенше жағдайдың алдын алу үшін қажетті дайындық шараларын жүргізуді тапсырды. Өз кезегінде Жеңіс Қасымбек Ұлытау ауданында қажетті жол инфрақұрылымы, Балқаш көлі аймағы мен Қарқаралы ауданында туризм саласын жаңғырту жұмыстары жайлы баяндады.

Қазақстан Президентіне өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы өндірістің өсімі жөнінде есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру, соның ішінде көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмекті белгілі бір санаттағы азаматтарға берудің, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтудың маңыздылығын атап өтті. 

Хабар 24 телеарнасы