447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі отырысына қатысты

  • 179
  • UPD: 10:52, 26.02.2020

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесінің жоғары деңгейдегі сегментінің отырыстарына және Қарусыздану жөніндегі конференцияға қатысты. Мәжілісті БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ашты. Сондай-ақ басқосуға БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы Тиджани Мухаммад-Банде, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет, 55-тен астам елдің мемлекет басшылары мен министрлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.

Жанат Эрнст, тілші:

- Халықаралық форумның күн тәртібінде құқық қорғау саласындағы ең өзекті мәселелер қаралмақ. Жиынның алғашқы 3 күні қалыптасқан дәстүр бойынша жоғары деңгейдегі сегментке арналады. Жалпы бұл форумда 98 ел мен халықаралық ұйымның өкілдері сөз сөйлейді деп күтіледі. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 43-сессиясының бірінші күнінде жиналған жұрт алдында Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді сөз сөйледі. Ведомство басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы бағытын жалғастыра отырып, адам құқықтары саласында ұлттық және халықаралық стандарттарға толық қол жеткізуге ниетті екенін атап өтті. 

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Өз баянымда мен Қазақстанда қазір Президентімізбен  жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы ақпарат бердім. Біздің әріптестерімізде Қазақстанда өткізіліп жатқан заңнамалық өзгерістерге қызуғышылық өте жоғары. Сонымен қатар «Жусан» мен «Русафа» гуманитарлық операцияның өткендігін, одан кейін қайтарылған азаматтар, Сирия мен Ирактан қайтарылған азаматтарымыздың реабилитациялау процесіне өте қызықтырады. 

Министр «естуші мемлекет» тұжырымдамасы және Қазақстан өлім жазасын алып тастау және әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған Екінші Факультативтік хаттамаға қосылғанын да айта кетті. Сондай-ақ Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін тұрақты дамуды іске асыру бойынша БҰҰ хабы ашылып, онда өңірлік мәртебесі бар БҰҰ-ның 16 агенттігі жұмыс істейтіндігі жөнінде мәлімет берілді. 

Татьяна Валовая, БҰҰ Женева бөлімінің Бас хатшысы:

- Қазақстан үнемі белсенді әрекет етеді және елдің бастамаларына зор көңіл бөледі. Қазір адам құқықтары мен қарусыздану мәселесі өткір. Қазақстан бұл тұрғыда да ауқымды істер атқаруда. Биыл БҰҰ-ның 75 жылдығы. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстанның барлық азаматтарына жасына қарамастан сайтымызға кіріп, бізге қандай ұйым қажет екені және болашақта қандай әлемді көргісі келетіні туралы өз пікірін білдіруді ұсынамын. 

Мұхтар Тілеуберді форум аясында бірқатар кездесу өткізді. Министр БҰҰ-ның Женевадағы өкілдігінің бас хатшысы  Татьяна Валоваямен арадағы ынтымақтастықты талқылады.   Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Роберто Азеведомен маусым айында Нұр-Сұлтанда өтетін ұйымның 12-министрлік конференциясына дайындық жоспарын пысықтап алды. 

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы