439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Иран арасында әуе тасымалы тоқтатылды

  • 227
  • UPD: 14:33, 26.02.2020

Жер-жаһанды алаңдатқан коронавирус Қытайда азайып келеді. Есесіне инфекция өзге елдерде үдеп барады. Жағдай Иранда күрделі. Бұл мемлекетте вирус 42 адамнан анықталған. 12-сі көз жұмды. Енді наурыздың бірінен бастап, Иранға әуе қатынасы уақытша тоқтатылады.

Жапонияға баратын екі рейстің біреуіне шектеу қойылады. Көктемнің бірінші күнінен Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында да ұшақ рейстері азайтылады. Мәселен, қазір аптасына 9 рейс қатынаса, мұны үшеуге дейін қысқарту көзделіп отыр. Себебі Кореяда осы кезге дейін аталған аурудан қайтыс болғандардың саны 10-ға жетті.

Атап өтейік, бүгінде Оңтүстік Кореяда 34 мыңдай азаматымыз жүр. Иранда 170-дей қазақстандық бар. Алғашында Қытайда анықталған инфекция Еуропада да белең алды. Италияның бір өзінде 10 шақты азамат коронавирустан көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы