419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СІМ: Иранда вирус жұқтырғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ

  • 474
  • UPD: 16:37, 27.02.2020
СІМ: Иранда вирус жұқтырғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ

ҚР-ның Сеулдағы елшілігі азаматтарды Оңтүстік Кореядағы коронавирусқа қатысты ақпараттандыру бойынша бірқатар шараларды қабылдады.

Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.Смадияров айтты.

Дипломаттар отандастарымызбен мессенджер, әлеуметтік желілер арқылы байланыс орнатып, қажетті ақпаратты ресми интернет-ресурстарда орналастыру арқылы және телефонмен хабарлауда.

Сонымен қатар, жедел штаб жұмысын бастады. Ал WhatsApp мессенджерінде арнайы чат құрылып, тәулік бойы жедел желі телефоны жұмыс істеуде. Қазақстан азаматтарын консулдық есепке алу жұмысы күнделікті жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 35 мыңнан астам азаматы бар, оның ішінде шамамен 12 мың адам заңсыз жүргендер. Ал консулдық есепте небәрі 848 адам тұр.

«1 наурыздан бастап Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы рейстер қысқартылады. Осыған байланысты, Оңтүстік Кореяда жүрген азаматтарымызды осы шектеу күшіне енгенге дейін елге оралуға шақырамыз», – деді А.Смадияров.

Қазақстанның Италиядағы елшілігінде де жедел штаб іске қосылды.

Мәлімет бойынша Италияда қазір 1800-ге жуық ҚР азаматы тұрады. Олардың 673  консулдық есепке тұрған. Соңғы ақпаратқа сәйкес, вирус жұқтырғандар арасында ел азаматтары жоқ.

Ирандағы Қазақстан дипломаттары да эпидемиялық жағдайды бақылауда ұстап отыр. Вирус жұқтырғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Қазіргі уақытта Иран аумағында 170 азаматымыз бар. 119-ы консулдық есепте. Әр дүйсенбі сайын Тегеран-Алматы-Тегеран рейсі қатынап келген. Қазіргі уақытта ол тоқтатылды.

mfa.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы