447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Егер коронавирустен қауіп төнсе адам көп жиналатын шаралар өткізілмейді – ҚР Президенті

  • 307
  • UPD: 15:36, 29.02.2020

Елімізге коронавирус қаупін төндіретін болса, халықаралық форум сияқты халықты көп жинайтын шаралар өткізілмейді. 

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық-сараптамалық порталға берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

«Десе де, тіпті дамыған елдерді тығырыққа тіреп жатқан дерттен толық қауіпсізбіз дей алмаймыз. Бірақ уақытылы атқарылып жатқан сақтық шаралары әзірге нәтижелі. Қазір елімізде кеселді жұқтырғандар жоқ» деді Президент.  Ал Үкімет қажетті амалдарды жасап жатыр. Мемлекет басшысы білімді және заманауи технологияны меңгерген адамзаттың індетке қарсы тұрарына сенім білдірді.

Хабар 24 телеарнасы