421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезия-Қазақстан депутаттық достық лигасы өз жұмысын бастады

  • 387
  • UPD: 19:52, 29.02.2020

Джакартада Индонезия-Қазақстан депутаттық достық лигасы өз жұмысын бастады.

Оның құрамына алты саяси партия өкілдері кіреді. Олар – Индонезия Өкілдер палатасының сауда және инвестициялар, құқық тәртібі, инфрақұрылымды дамыту, дін істері және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша комитеттерінің мүшелері.

Айта кетейік, Қазақстан парламентінің қос палатасында да Индонезиямен ынтымақтастық топтары жұмыс істейді.

Фадли Зон, Индонезия республикасы өкілдер палатасының мемлекетаралық қатынастар жөніндегі комитет төрағасы:

– Мен осы парламентаралық достық тобы арқылы Индонезия мен Қазақстан, әсересе екі ел парламенттер арасындағы екіжақты қатынастарды нығайта аламыз деп санаймын. Мен сондай-ақ Қазақстан парламенті мүшелерін, оның төрағасын, осы жылдың қараша айында Индонезияда өтетін Еуразия парламенттері спикерлерінің бесінші отырысына шақырғым келеді. Мен төртінші кездесуге қатысу үшін Қазақстанға өткен қыркүйекте келдім. Конференция сәтті өтті. Сіздермен қонақжайлылықта бәсекелес болу бізге қиын болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы