411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Бақытжан Сағынтаевпен кездесті

  • 166
  • UPD: 15:12, 02.03.2020
Елбасы Бақытжан Сағынтаевпен кездесті

Алматы қаласының әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылдың қаңтарындағы көрсеткіштерін баян етті.

Сондай-ақ кездесу барысында өндірісті өркендетуде мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуы мен шағын және орта бизнесті қолдау шаралары, инвестиция тарту мәселелері сөз болды.

Оның айтуынша, биыл қаңтарда инвестиция көлемі 43,2 млрд теңгеден асты. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өсім 22 процентті құраған. Бөлшек сауда 7,5 процентке өсті. Жаңа жылдың алғашқы айында қалада 84,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 7 проценттей артық.

elbasy.kz

Хабар 24 телеарнасы