448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы: Астана процесі жалғасын табуы керек

  • 137
  • UPD: 20:22, 06.03.2020

Дмитрий Медведевпен еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде екеуара әріптестікті жаңаша дамыту керек деді. Сөйтті де, сыртқы саясат мәселесі бойынша пікір алмасуға ниет білдірді. Дмитрий Медведев өзінің мемлекеттік лауазымы ауысқан сайын алдымен Қазақстанға келетінін жеткізді. «Бұл сіздің еліңізге және сізге деген құрметім» деді ол. Кездесу барысында тараптар Мәскеуде өткен Ресей мен Түркия басшылары арасындағы Сирия мәселесі бойынша келісім нәтижесін талқылады. Елбасы осы ретте Астана процесінің жалғасуы қажеттігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

– Мы с вами работаем давно. И всегда находили общий язык, взаимопонимание. Как всегда Казахстан с Россией находят общие дела. Есть возможность обменятся мнениями, поговорить. Приветствую вас.

Дмитрий Медведев, Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары:

– Бұл кездесуімізге өте қуаныштымын. Әрбір жаңа мемлекеттік лауазымдағы сыртқы сапарымды өздеріңізден бастаймын. Бұл тегін емес. Осындай ортақ жұмыстың нәтижесінде байланысымыз беки түседі деп ойлаймын.

Кездесуден кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев Тұңғыш Президент кітапханасындағы көрмені аралады.

Хабар 24 телеарнасы