428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР сыртқы саясатының 2020 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді

  • 488
  • UPD: 12:46, 09.03.2020
ҚР сыртқы саясатының 2020 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

« ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
  3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
  4. «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 741 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
  5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев  Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 6 наурыз № 280 », – делінген хабарламада. 

Құжаттың толық нұсқасын Ақорданың ресми сайтынан оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы