420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы: Ресей – Қазақстанның барлық саладағы сенімді серіктесі

  • 344
  • UPD: 20:54, 11.03.2020

Бұл – жыл басталғалы бері Елбасының сырт елге алғашқы сапары.

Өткен сенбіде Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, халықаралық мәселелер бойынша пікірлескен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар екі мемлекет арасындағы саяси байланыстардың белсенділігін жоғары бағаланған болатын. Енді араға аптаға жетер-жетпес уақыт тастап, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин жеке жолығып отыр. «Ресей – Қазақстанның барлық саладағы сенімді серіктесі» деп бастады әңгімесін Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш ПрезидентІ – Елбасы:

Все эти годы мы с Вами вместе работаем, больше 20 лет, тесно. Межгосударственные отношения сложились, они созданы, все документы подписаны, Договор о дружбе, сотрудничестве, союзничестве в XXI веке мы подписали, и с тех пор Россия для Казахстана – партнёр номер один в экономике и в политике. Я всегда говорю: у нас примерные отношения.

Өткен жылдың статистикасын сөйлетсек... Былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда айналымы 19,7%-ке өскен. Ақшаға шаққанда 20 млрд доллар. Владимир Путин мұны «жақсы көрсеткіш» деп бағалады.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Екіжақты байланыстарға тоқталатын болсақ, Сіздің бастауыңызбен Қазақстан мен Ресей стратегиялық әріптестік орнатты. Әрі бұл қарым-қатынас сәтті жүзеге асып жатыр. Саяси диалог жалғасты. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен үнемі кездесіп тұрамыз. Үкіметтер де қарқынды жұмыс істейді.

Еуразиялық ықпалдастық – Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путинге ортақ тақырып. Ресей басшысы әр кездескен сайын бұл мәселеге екпін қояды, себебі Еуразиялық интеграция десе, Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі қоса аталады. Елбасы тек идея авторы ғана емес, идеяның бірлестікке айналуына ерен еңбек сіңірген қайраткер.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

С Вашей подачи я стал Почётным председателем Евразийского союза. Есть трудности, но я считаю, что эта интеграция работает, имеет большую перспективу. Я как Почётный председатель буду этому способствовать.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті

Сіз қазіргі Қазақстанның негізін қалап қана қоймай, посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістерге бастамашы болдыңыз. Нәтижесінде бұл Еуразиялық экономикалық одақтың пайда болуына септесті. Және Сіз бұл идеяны одан әрі дамытып келесіз, сол үшін алғысымды айтамын.

***

Елбасы Н.Назарбаев – Еуразия интеграциясының сәулетшісі" көрмесін аралады

Алыстан менмұндалап тұратын маңғаз ғимарат – Мәскеу мемлекеттік университеті.

1994 жылы дәл осы жерде алғаш рет «Еуразиялық интеграция» идеясы ұсынылды. Елбасы бастамасының байыбына барып, оны терең ұғыну сол кезде былайғы жұртқа аса керек болмаған да шығар, бірақ уақыт өте келе бұл идея өзінің өміршеңдігін, қажеттілігін дәлелдеді.

Дархан Әбдуахит, тілші:

- Еуразиялық ықпалдастықтың жүріп өткен жолы жайлы мына көрме жан-жақты баяндайды. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Нұрсұлтан Назарбаев – Еуразия интеграциясының сәулетшісі» деген атаумен көшпелі көрме ашылды.

Көрмені Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы ұйымдастырған. Кіреберісте Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылғы дәрісінің көшірмесі, сол күні сыйға берілген заттар, фотосуреттер қойылған. Одан әрі ықпалдастықтың әр кезеңінен хабар беретін түрлі материалдармен танысуға болады.

Күләйша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

-Елбасы кітапханасының қоры өте бірегей, өте бай деп айтуға болады. Өйткені оның негізін қалайтын Елбасының жеке қорлары. Әрине, ең маңыздысы Елбасының қолжазбалары. Және мемлекеттік қызмет атқарып жүрген кезде өзінің ойларын, шешімдерін көрсеткен бірегей құжаттар.

1995 жылы Қазақстан, Ресей мен Беларусь Кеден одағы туралы келісімге келді. Араға біраз жыл тастап, үш ел Кеден одағын құруға әзірлігін жария етті. 2011 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартқа қол қойылып, Еуразиялық экономикалық ықпалдастық туралы декларация қабылданды. Көрмеге келген адам ықпалдастықтың тарихына қанығады. Ал осынау ұзақ жолдың шарықтау шегі – 2014 жылдың 29 мамыры. Еуразиялық эконмикалық одақ туралы шартқа қол қойылған күн.

Дархан Әбдуахит, тілші:

Көрмеге қойыған көп дүниенің бірі болып бой жасырып тұрған мына шағын кітап 1997 жылы жарық көрді. «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» деп аталады. Авторы Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасының ықпалдастыққа қатысты сол кезде жазған біраз ойы мен болжамы жылдар өткен соң айна-қатесіз келгенін аңғарасың. Қазақстанның Тұңғыш Президенті интеграция дәуір талабы екенін талдап, жан-жақты түсіндіреді.

***

Нұр-Сұлтанда М.Ломоносов атындағы ММУ филиалы жаңа ғимаратқа көшеді

Сапар барысында Елбасы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничиймен кездесті. Кездесуде білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселесі әңгімеге арқау болды.

Виктор Садовничий, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры:

- Сіз осымен Мәскеу мемлекеттік университетіне тоғызыншы рет келіп отырсыз. Сізге құрметті доктор, құрметті профессор атақтарын тапсырдық. Сіз университеттің екі атағын қатар иеленген жалғыз шетелдік қайраткерсіз. Тоқсаныншы жылдары көп түйткілді шешу ісінде керемет рөл атқардыңыз. Бертін келе дағдарыс уақытында нақты шешім қабылдай білдіңіз. Еуразиялық одақ кеңейіп келеді. Жұмыс істеп тұр. Ылайым солай болсын.

Мәскеу мемлекеттік университетімен тығыз қарым-қатынастың бір дәнекері – Нұр-Сұлтан қаласындағы оқу орнының филиалы. Филиал екі мыңыншы жылдары ашылды. Қазіргі таңда 600 астам Қазақстан азаматы оқиды. Бұған дейін Еуразия ұлттық университетінің бір бөлігінде орналасқан бөлімшенің енді Нұр-Сұлтанда жеке ғимараты болады.

Мәскеу мемлектеттік университетінің Қазақстандағы филиалы 20 жылдың ішінде 1 мыңнан астам маман дайындап шығарған. Қазіргі таңда «Математика», «Информатика», «Филология», «Экономика» факультеттерінде жастар білім алып келеді.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Бұл деген Қазақстан азаматтарына жасалып жатқан шара, өйткені онда оқитын біздің Қазақстан азаматтары. Оқу форматы бұл жерде кішкене өзгеше, біраз уақытын осы Қазақстанда оқыса, 1-2 жыл, одан кейін Мәскеу мемлектетік университетінде білім алады. Сондықтан жақсы, өзінің тиімділігін көрсетіп отырған бағдарлама деп айта аламыз, осы мәселені бүгін мемлекет қолдап отыр.

Ректормен кездесу кезінде Елбасы Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктеріне жеке тоқталды. Бірлестікке деген қызығушылық жыл санап артып келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

ЕАЭС развивается, торговля между государствами, а РФ для Казахстана главный экономический партнер, более 25% нашей торговли относися к РФ, и никак не мешает в торговле с другими странами, конечно в санкции ничего хорошег нет, совсем не влияет нельзя сказать, если влияет на экономику РФ, но и на нас влияет. Интерес к ЕАЭС растет.

Мәскеу мемлекеттік университетіндегілер Елбасын әркез құшақ жая қарсы алады. Сол ықыластың бір белгісі болса керек, бұл жолы да Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше құрмет көрсетілді. Оқу орнының жоғары наградасы – «Мәскеу университетінің жұлдызы» табысталды. Содан соң  Қазақстанның Тұңғыш Президенті осындағы тарих музейін аралап көрді.

Авторлары: Дархан Әбдуахит, Хасен Омарқұлов, Айдос Меделбеков, Айдос Ентебеков Президент телерадиокешенінің көмегімен

Хабар 24 телеарнасы