425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италиядағы қазақстандықтар елге Ресей ұшақтарымен қайта алады – СІМ

  • 593
  • UPD: 08:13, 15.03.2020
Италиядағы қазақстандықтар елге Ресей ұшақтарымен қайта алады – СІМ

Италия өзге елдермен әуе қатынасын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің Telegram арнасынан мәлім болды.

Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі қазіргі уақытта коронавирус эпидемиясының салдарынан Италиядағы төтенше жағдайға байланысты Италия мен әлемнің басқа елдері арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.

Осыған байланысты қазіргі уақытта ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясы Мәскеу қаласында қайта отырғызу арқылы Римнен Қазақстанға жолаушылар рейстерін жүзеге асырып жатқандығын еске саламыз. Сонымен бірге үстіміздегі жылғы 11 наурыздан бастап «Аэрофлот» әуе компаниясы Италияның қалаларына ұшу бағдарламасын өзгертіп жатқандығын хабарлаймыз. Ақпараттың жаңаруын компанияның ресми сайтынан тексеріп тұруларыңызды сұраймыз, делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы