loader

Чехияда коронавирусқа байланысты жалпыұлттық карантин енгізілді

Чехияда коронавирусқа байланысты жалпыұлттық карантин енгізілді

Тәртіпке сәйкес тұрғындардың жүріп-тұруына шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азаматтардың тек аурухана мен дүкенге және жұмысқа баруына ғана рұқсат етілген. Карантин ережелерінің қатаң сақталуын полицейлер жіті бақылауға алған. Ережені елемегендер айыппұл төлейді.

Еске сала кетейік, өткен аптада Чехия төтенше жағдай режимін жариялаған еді. Ел үкіметі шетелдіктердің ел аумағына кіруіне, ал жергілікті азаматтардың шекара асуына тыйым салды.

Айта кетейік, бүгінде Чехия республикасында коронавирус жұқтырған 250 науқас бар.

Андрей Бабиш, Чехия премьер-министрі:

- Коронавирустың таралуына тосқауыл қою мақсатында және халықтың денсаулығын қорғау туралы заңға сәйкес дүйсенбіден бастап Чехия республикасында жалпыұлттық карантин енгізіледі.

Сондай-ақ...