loader

Қ.Тоқаев экономиканы тұрақтандырудың ары қарайғы шаралары туралы жарлыққа қол қойды

Қ.Тоқаев экономиканы тұрақтандырудың ары қарайғы шаралары туралы жарлыққа қол қойды

Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі ары қарайғы шаралар туралы жарлыққа қол қойды.

«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы  Президентiнің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286  Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша:

1) салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін салық мөлшерлемелерін белгілесін, салық базасын, салық салу объектілерін, салықтық кезеңді айқындау және салықтық міндеттемелерді орындау тәртібін;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілердің жекелеген санаттарын;

3) мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібін;

4) мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін айқындасын.

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, шекті тарифтерді және Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға бағаларды белгілеу;

2) Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды әкелу мен әкету тәртібін айқындау құқығы берілсін.

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                                    Қ.Тоқаев 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 16 наурыз

                       № 287

Сондай-ақ...