loader

Жыл басынан бері жұмысынан айырылған 15 мыңнан астам азамат әлеуметтік жәрдемақы алды

Жыл басынан бері жұмысынан айырылған 15 мыңнан астам азамат әлеуметтік жәрдемақы алды

2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 15 137 азамат жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем алатын болды.

Қазақстанда жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және 2005 жылдан бастап енгізілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – МӘСҚ) қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлем жұмыссыз ретінде тіркелген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады.

Бұл ретте төлем жүйеге қатысу мерзіміне және соңғы 24 айдағы кірісіне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады.

Биыл 1 наурызда 15 137 азамат жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге төлем алды, орташа мөлшері 41 418 теңгені құрады.

Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс істеген 15 жыл ішінде МӘСҚ-тан төлемнің осы түріне 19,7 млрд теңге бөлінді.

Ақпарат көзі: ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ...