414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Д.Назарбаева: Бүгін бізге жауапкершілік, ынтымақтастық және өзара көмек қажет

  • 429
  • UPD: 11:33, 17.03.2020
Д.Назарбаева: Бүгін бізге жауапкершілік, ынтымақтастық және өзара көмек қажет

Сенат төрағасы қазақстандықтарға үндеу жолдады. Оны senate.parlam.kz сайты жариялады.

Құрметті қазақстандықтар!

Еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаев енгізген төтенше жағдай – уақтылы және қажетті шара.

Біздің ортақ мақсатымыз – коронавирус инфекциясының таралуымен күресу, оның Қазақстан экономикасына және адамдардың өміріне теріс ықпал етуінің алдын алу.

Барлық мемлекеттік қызмет, әкімдіктер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықты барлық қажетті заттармен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін шешуге жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта медицина қызметкерлеріне барынша көмек пен қолдау көрсету қажет, олар осы аурумен күрестің алдыңғы қатарында. Адамдардың өмірі мен денсаулығы олардың кәсібилігі мен жауапкершілігіне байланысты.

Біз құқық қорғау органдарының әрекеттеріне және төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты шектеулерге түсіністікпен қарауымыз керек.

Мемлекеттік органдардың міндеті – пандемия және онымен күресу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы ақпараттың барынша ашықтығы мен сенімділігін қамтамасыз ету.

Үрейлі көңіл күй, қауесет пен жалған ақпарат таратуға үзілді-кесілді тоқтау салу керек. Дүрліктірушілер мен арандатушылар – короновирустың өзі сияқты біздің дұшпанымыз.

Пандемиямен күресудегі біздің ортақ жетістігіміз, бірінші кезекте, бүкіл қоғамның, еліміздің барлық азаматтарының, біздердің, қазақстандықтардың жауапкершілік ұстанымына байланысты. Тыныштықты, тәртіпті, гигиенаны сақтау, оқшаулану, өзіңізге және жақын адамдарыңызға қамқорлық жасау – вируспен күресудің басты құралы.

Бүгін бәрімізге ынтымақтастық және өзара жауапкершілік пен көмек қажет.

Өзіңізді және жақын адамдарыңызды күтіңіздер.

Бәріміз бірге жеңеміз!

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы                    Д.Н. Назарбаева

Сенаттың регламенті туралы жеке мәлімдеме:

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты қалыпты режимде жұмыс істейді. Алайда, коронавирустың алдын-алуға байланысты, депутаттардың негізгі жұмысы комитеттерде топтастырылатын болады. Сенаторлар заң жобаларымен жұмыс істейді және парламенттік тыңдауларға материалдар жинайды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы