427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте бейбіт жиын өткізуге қатысты заң жобасы талқыланды

  • 322
  • UPD: 20:20, 17.03.2020

Елордада қоғамда қызу талқыланып, түрлі пікірталастарға негіз болған бейбіт жиын өткізуге қатысты заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылған жиынға Мәжіліс төрағасы, министрлер, депутаттар, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты. Сондай-ақ 9 аймақтың өкілдері видеобайланыс арқылы өз ойларын айтуға мүмкіндік алды. Үш жарым сағатқа созылған жиында заң жобасының бірнеше тармағы талқыланды. Әсіресе, құжаттың жиналыс орнын белгілеуге қатысты көптеген пікір айтылды. Қатысушылардың бірі шектеу керек десе, енді бірі бұл мәселені ұйымдастырушылардың өзіне қалдыруды ұсынды. Бұдан бөлек, шеру кезіндегі журналистердің қызметі, жиын уақытын белгілеу сияқты нормалар да талқыланды.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Бүгін өте пайдалы әңгіме болды. Көпшіліктің те пікірі осыған саяды деп ойлаймын. Әрине, заң жобасының кей сұрақтары әлі де пікірталас тудырып отыр. Бұл – қалыпты жағдай. Оларға қатысты ұсыныстардың барлығы мұқият талданып, талқыланады. Азаматтық қоғаммен бірлесіп, заң жобасына қарата айтылған ескертулер мен ұсыныстарды барынша ескеруге тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы