447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Өзбекстан президенттері коронавирус пандемиясының таралу жағдайын талқылады

  • 156
  • UPD: 14:45, 18.03.2020
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері коронавирус пандемиясының таралу жағдайын талқылады

Мемлекеттер басшылары коронавирус пандемиясының таралу жағдайын талқылап, осы індетке қарсы күреске байланысты қабылданған шаралар туралы ақпарат алмасты.

Шавкат Мирзиёев қазақстандық әріптесінің дер кезінде қабылдаған шұғыл шешімдері мен нәтижелі іс-қимылдарын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президенттер жоғары деңгейде ықпалдастық орнату және екі ел Үкіметтерінің жұмыстарын үйлестіру жайын да келісті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бірлескен жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы туралы ортақ пікір айтылды.

Хабар 24 телеарнасы