447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты өте жүйелі бағытта жүргізіліп отыр

  • 90
  • UPD: 08:13, 19.03.2020

Осыдан тура бір жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттілігін тоқтатқан болатын. Мемлекетті басқару сол кездегі Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктелді.

Осы бір датаны еске алысқан саясаткерлер мен дипломаттар арна тілшілеріне берген сұхбаттарында Қазақстанның саяси шыңындағы ауыс-түйіске жыл өткеннен кейін қандай баға беретінін тілге тиек етті. Мысалы, БҰҰ Женевадағы бөлімшесі бас директоры хатшылығының жетекшісі Давид Чикваидзе Қазақстанда ел мұңын тыңдайтын, мәселеге мән беретін мемлекет Концепциясының сәтті жүзеге асып келе жатқанын айтады.

«Бұл бұрынғы КСРО мемлекеттері үшін өте маңызды. Себебі барлық мемлекет бірдей делік халықтың пікірін тыңдай бермейді», - дейді Давид Чикваидзе. Сарапшылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың да, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да басқару бағытындағы Концепциясында биліктер сабақтастығы сақталғанын атап өтті. 

Давид Чикваидзе, БҰҰ Женевадағы бөлімшесі бас директоры хатшылығының жетекшісі:

- Сіздің мемелкетті бір жылдан бері мен қатты сыйлайтын адам басқарып келеді. Сондықтан да елдегі жағдайларды қалт жібермей, назарда ұстап отырамын. Әрине, халықаралық шенеунік болған соң елге баға беріп, бағалай алмаймын. Дегенмен, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты өте жүйелі бағытта жүргізіліп отырғанын айта кетейін. Президент Тыңдаушы мемлекет Концепциясын, яғни халықты естіп қана қоймай, пікірін қабылдап, жүзеге асырып отыр. Бұл өте маңызды

Сергей Гармонин, Швейцариядағы РФ Төтенше және өкілетті елшісі:

- Жеке басым Қасым-Жомарт Кемелұлына дәл осы қалпынан таймауын тілеймін. Ал, Қазақстан өркендеп, дами берсін дер едім. Шынында Нұрсұлтан Әбішұлы және Қасым-Жомарт Кемелұлындай басшылары бар қазақ елінің болашағы жарқын. Қадамы нық, келешегі кемел.

Хабар 24 телеарнасы