435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев бір жылда 67 заңға, 357 жарлыққа және 158 өкімге қол қойды

  • 195
  • UPD: 16:27, 20.03.2020

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел басқару тізгінін қолына алып, президенттік қызметіне кіріскеніне бүгін тура бір жыл.

Осы уақыт аралығында Мемлекет басшысы 67 заңға, 357 жарлыққа және 158 өкімге қол қойды. 500-ге жуық түрлі іс-шараға қатысты. Бір жылда 14 шетелдік сапарға шықты. Оның үшеуі мемлекеттік, үшеуі ресми сапар. 58 күн іссапарда болған. Бір жылда еліміздің барлық өңірін аралап үлгерді. Одан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-ге мыңнан аса хабарлама жазып, Instagram-ға 72 жазба жариялаған.

Хабар 24 телеарнасы