447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан саясаткерлері бейбіт билік транзитіне жоғары бағаларын беруде

  • 129
  • UPD: 20:07, 20.03.2020

Осыдан тура бір жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарихи шешім қабылдап, өкілеттігін өз еркімен тоқтатқан.

Тұңғыш Президент салған сара жолды жалғастыру міндетін халық Қасым-Жомарт Тоқаевқа сеніп тапсырды. Өзбекстанның саясаткерлері осы бейбіт билік транзитіне жоғары бағаларын беруде. Өзбекстанның Олий Мажлис заңнамалық палатасының депутаты Расул Көшербаев «Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығы кезінде берік іргесі қаланған қазақ-өзбек қарым-қатынасы қазір жүйелі дамып келеді», дейді.

Расул Көшербаев, Өзбекстанның Олий Мажлис заңнамалық палатасының депутаты:

- Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қасым-Жомарт Тоқаевты және оның саясатын қолдап отырғанын көріп отырмыз. Өзбекстан мен Қазақстан жақын көрші һәм сенімді әріптес мемлекеттер. Президент Тоқаев жоғары сенім мен өзара сыйластық негізінде пайда болған екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ниетті. Ал бұл Орталық Азияның тұрақты дамуы үшін өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы