427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем тарихында өз еркімен мемлекет тізгінін тапсырған тұлғалар некен-саяқ – сарапшы

  • 394
  • UPD: 23:12, 20.03.2020

Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін тоқтату тұралы қарары – Орталық Азия аймағы үшін ғана емес, әлемдік деңгейдегі тарихи шешім.

Себебі, жаһан тарихында сау-саламат кезінде өз еркімен мемлекет тізгінін тапсырған тұлғалар некен-саяқ. Бұл – түріктің белді саясаттанушысы Күршат Зорлуның пікірі. Ғалым «Назарбаев көшбасшылығы: Ұлы Даланың өрлеуі» атты кітаптың авторы. Саясаттанушы өз еңбегінде Тұңғыш Президенттің мемлекет құрудағы даңғыл жолы, ел басқару моделі мен көшбасшылық қырын талдаған. Қазақ және түрік тілдерінде жарық көрген кітап Түркияның өзінде алты мың данамен басылып шықты.

Күршад Зорлу, саясаттанушы, ғалым:

Мен мынаған сенемін – бұл шешіммен бірге алдымыздағы таяу болашақта жастарымыз, жаңа буынымыз тереңнен пайымдайтын болады. Себебі, мұндай көшбасшылардың елі мен әлемдік саясатқа ықпалы жылдар өткен соң, ұзақ көкжиекте айқын аңғарылатын болады. Себебі, Назарбаев қызметін тапсырған кезде өте маңызды сөзді тілге тиек еткен болатын. Жаңа буын көшбасшылардың келуі үшін. Жаңа буын көшбасшылар. Бұл не деген сөз? Яғни әлем мен аймағын тамаша зерделей алатын, елін жарқын болашаққа бастай білетін кадрлар тәрбиелеу үшін негізінен ол бір бастаманы мойнына алды, адалдық танытты, анығында жанпидалық етті. Түркияда өмір сүретін ғалым ретінде мұның астын сызып тұрып көрсеткім келеді.

Хабар 24 телеарнасы