423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы азаматтық қоғамға қолдау көрсетті – Э.Дюпюи

  • 316
  • UPD: 18:03, 22.03.2020

Қазақстанда билік сабақтастығы тиімді жүзеге асып келеді. Беделді француз сарапшысы Эмманюэль Дюпюи осылай дейді.

Бір жылдың орайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған реформалар мен идеяларды жүйелі жалғастырып, дамытып әкетті.

«Бұл осы уақыт аралығындағы басты жетістік» дейді сарапшы. Бұдан бөлек Эмманюэль Дюпюи біздің биліктің Таяу Шығыстағы қауіпті аймақтардан қазақстандық әйелдер мен балаларды отанға қайтару туралы шешімін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Эмманюэль Дюпюи, Еуропадағы қауіпсіздік пен талдау институтының президенті:

- Президент Тоқаев – Нұрсұлтан Назарбаевтың ізін жалғастырушы. Ол тұңғыш президенттің саясатын сақтап, оны жетілдіре түсуде. Қазақстан көрші елдермен тату әрі өзара достық қарым-қатынаста өмір сүру керектігін жақсы түсінеді. Бұған қоса мемлекет басшысы азаматтық қоғамға қолдау көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы