411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуіне қатысты пікір білдірді

  • 230
  • UPD: 18:25, 30.03.2020
Қ.Тоқаев шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуіне қатысты пікір білдірді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуіне қатысты пікір білдірді.

«Шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуімен мұқият танысып шықтым. Қазіргі төтенше жағдай кезінде көтеріліп отырған мәселелер өзекті. Барлық өтініштер мен ұсыныстар мұқият сарапталады. Сонымен қатар басқа да шаралар қарастырылады» деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Мемлекет басшысы қабылданған шешімдерді әлеуметтік-экономикалық шаралардың жаңа пакеті бойынша жұмыстар аяқталған соң жариялайтынын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы