419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Елбасы мақаласы қазіргі қиындықты еңсеруге Қазақстанның толық мүмкіндігі барын айқындайды

  • 638
  • UPD: 15:44, 08.04.2020

Елбасы өз мақаласында сын сағатта елді ынтымақ пен бірлікке шақырып, бұл ауыртпалықты бірлесе жеңеміз деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ індеттің алдын алу жұмыстарының дер кезінде басталғанын айтып, әлі талай шаруаның атқарылатынын жеткізді. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы Жасұланбек Асқарұлы Елбасы мақаласы туралы өз пікірін білдірді.

Жасұланбек Майлыбай, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы:

– Елбасы Қазақстанның 30 жыл ішінде қалыптасып, өзінің бір әлеуетті мемлекетке айналғанын айтты. Сол әлеуеті осы қиындықты еңсеруіге толық мүмкіндігі бар екенін жеткізді. Осы қалыптасқан дағдарыстың қиындықтарымен қатар, мүмкіндіктері бар екенін де айтты. Яғни, осыдан кейін осы жағдайларды саралау, өзгеше ойлау, алдағы бағыт-бағдарға жаңаша түсу қажеттілігі туындайтынын көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы