425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы үндеуіне өнер адамдары қолдау білдірді

  • 445
  • UPD: 21:44, 09.04.2020

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сын сағатта елімізді бірлікке шақыруы өте орайлы болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Дана Абайдың, батыр Бауыржан Момышұлының, данышпан Әйтеке мен Төле бидің өшпес өсиеттерін негізге алып, халқымызға ауызбіршілікті сақтау және байсалдылық таныту керек екенін шегелеп айтты. Бұл үндеуге өнер адамдары да бірауыздан қосылады.

Жеңіс Сейдуллаұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор:

–Тек біздің еліміз ғана емес, барша әлем дағдарысқа ұшырап, қиындық көріп жатқан осындай күрделі кезеңде ынтымаққа, бірлікке сабырлыққа шақырған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Бірлесе білген бәрін жеңеді» мақаласы аса өзекті деп санаймын. 

Оңдасын Абдуллаев, К.Байсейітова атындағы музыкалық мектеп-интернат директоры:

– Бір болуымыз керек, ынтымақты болуымыз керек, әрбір азамат Қазақстанда тұратын өздерінің жауапты екенін түсіне білуі керек. Біздің басымыздан Қазақстанда неше түрлі ауыр, қиын жағдайлардан өткенбіз. Халқымызда ауызбірлік болса, ынтымақ болса, біріге отырып, коронавирусты жеңетінімізге сенеміз. Елбасымыз еліменен, өзінің жұртымен бірге екенін көрсете білді.

 

Хабар 24 телеарнасы