423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Қожа: Ұлттық қорды құру туралы шешімнің дұрыстығын уақыт дәлелдеп отыр

  • 322
  • UPD: 23:58, 09.04.2020

2000 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық қорды құру туралы шешімінің дұрыстығын уақыттың өзі дәлелдеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Белгілі актер Бақтияр Қожа Елбасының «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласына қатысты осындай пікірде.

Бақтияр Қожа, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Маған ұнағаны, осында бір керемет тамаша сөздері халқымыз алаңдамай-ақ қойсын, қорықпай-ақ қойсын өйткені мемлекеттің жинаған қоры бар дегені. Ол мынау қорда 90 миллиард доллар жатыр. Оны бірақ  там-тұмдап, реттеп жұмсамаса тағы болмайды. Осындай қиын қыстау заманда, мынау бүкіл әлем, алпауыт мемлекеттер осындай қиындыққа түскен кезде біз де бірге болмасақ болмайды.

Хабар 24 телеарнасы