424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Венгрия СІМ басшылары стратегиялық әріптестіктің дамуын талқылады

  • 277
  • UPD: 15:55, 16.04.2020
Қазақстан мен Венгрия СІМ басшылары стратегиялық әріптестіктің дамуын талқылады

Венгрия тарапының бастамасымен ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

2020 жылы 10 сәуірде видеоконференция форматында өткен Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің кезектен тыс Саммитінің қорытындылары келіссөздердің негізгі тақырыбына айналды.

Атап айтсақ, қазіргі COVID-19 пандемиясы жағдайында түркітілдес елдердің өзара әрі қарай белсенді әрекеттестігі сөзге тиек болды. Венгрия тарапы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрші мемлекеттер – Қырғызстан мен Тәжікстанға 5 мың тонна ұн жеткізу арқылы гуманитарлық көмек көрсету туралы шешімін жоғары бағалады. Сұхбат барысында тараптар мәселелердің кең аясы бойынша стратегиялық әріптестікті қарқындатуға келісіп, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлді.

Хабар 24 телеарнасы