417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Өзбекстан пандемия кезіндегі өңірлік ынтымақтастық мәселелерін талқылады

  • 268
  • UPD: 15:08, 23.04.2020
Қазақстан мен Өзбекстан пандемия кезіндегі өңірлік ынтымақтастық мәселелерін талқылады ҚР СІМ

Өзбекстан тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Өзбекстан Республикасының сыртқы істер Министрі Абдулазиз Камиловпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Өзбекстанның ТМД-ға төрағалық ету шеңберінде 2020 жылдың мамыр айында өтетін кездесулердің мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. Бұл тұрғыда Қазақстан Өзбекстанның ТМД СІМК бейнеконференциясын өткізу жөніндегі бастамасын қолдады.

Екі елдің экономикасына пандемияның теріс салдарын мейлінше азайту бойынша күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау және халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүк автокөлік құралдарының кедергісіз транзитін қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.

Аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шараларды дайындау мәселесі жеке қаралды. Нұр-Сұлтан мен Ташкенттің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін қолдауға деген ықыласы расталды.

Хабар 24 телеарнасы