427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан Еуразиялық экономикалық одаққа бақылаушы ретінде қатысатын болды

  • 340
  • UPD: 16:57, 28.04.2020
Өзбекстан Еуразиялық экономикалық одаққа бақылаушы ретінде қатысатын болды

Өзбекстан Парламенті елдің ЕАЭО-қа бақылаушы ел ретіндегі мәртебесін мақұлдады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Өзбекстан Мәжілісінің Олий заң шығарушы палатасы сейсенбі күнгі отырысында Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одаққа бақылаушы мемлекет ретінде кіру туралы үкімет ұсынысын мақұлдады.

Дауыс беруге 150 депутаттың 132-сі қатысты. 86 депутат ұсынысты қолдаса, 32-сі қарсы шықты, сонымен қатар 14 депутат қалыс қалды.

Хабар 24 телеарнасы