429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Р.Скляр Ақтөбе-Атырау-РФ автожолының құрылысын тексерді

  • 206
  • UPD: 12:28, 29.04.2020
Р.Скляр Ақтөбе-Атырау-РФ автожолының құрылысын тексерді

Премьер-министр орынбасары Роман Скляр Атыраудағы жұмыс сапары аясында «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24»

Сондай-ақ, вице-премьер мен облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Құрманғазы ауданына барып, өткізу бекетінің жұмысын көрді. Республикалық маңызы бар Ақтөбе–Атырау-Ресей шекарасы" автожолы құрылысының барысын тексерді. Еске сала кеткен жөн, «Құрманғазы» автомобиль өткізу бекеті 2004 жылы көпжақты қарым-қатынас орнату үшін ашылды. Тәулік сайын Ресей шекарасы арқылы екі жаққа 4 мыңға жуық адам мен мыңнан астам көлік құралы өтеді. Жолдың жалпы ұзындығы 893 шақырым. Оның 545 шақырымы Атырау облысының аумағында. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 432 шақырымы қайта жаңартылады. Қазіргі уақытта жол құрылыс жұмыстары екі бағытта жүргізіліп жатыр. Вице-премьер нысандарды тексеруді қорытындылай келе, құрылысты уақтылы және сапалы аяқтау бойынша міндеттер жүктеді.

Хабар 24 телеарнасы