412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елді шын мәнінде Назарбаев басқара ма?

  • 222
  • UPD: 15:40, 30.04.2020

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кеткен жоқ. Елді сырттай басқарып отыр». Қазір ел арасында осындай қаңқу сөздер желдей есіп жүр.

Осы мәселеге қатысты Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай арнайы сұхбат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болғандықтан, елдегі өзекті мәселелерді талқылауға құқылы. Өйткені бұл ұйым ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау үшін арнайы құрылған. Оның құрамында ел Президенті, Үкімет басшысы, Сенат пен Мәжіліс төрағалары, Ұлттық қауіпсіздік комиетінің төрағасы, Бас прокурор, Ішкі істер министрі мен Сыртқы істер министрі де бар. Бұл ұйым – ақылдасу алаңы іспеттес. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» деген қағиданы ұстанатындай. Бірақ түпкілікті шешімді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Сөйте тұра, Қазақстан Президенті әлдебір мәселеге келгенде Елбасының кеңесіне құлақ түреді. Қасым-Жомарт Тоқаев мұны өзі де айтып жүр. Осы ретте Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясы мен Ассамблеяны да басқаратынын білеміз. Осы ұйымдарға қатысты қандай да бір мәселе туындаса, Елбасы шет қалмайды. Түйіткілдің шешілуіне атсалысады. Мәселен, қауіпті кесел Қытай елінде жаппай тарап жатқанда Тұңғыш Президент өз болжамын айтып, сақтық шараларына мұқият болуды ескертіп еді. Тіпті өңір басшыларына телефон соғып, аймақтағы ахуалдан хабардар болып отырған. Ал, өткен аптада экономиканы тығырықтан шығарудың жолдарын ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы