423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Г.Әбдіқалықова ҚР Президенті жанындағы ұлттық комиссия құрамынан шығарылды

  • 314
  • UPD: 17:36, 05.05.2020
Г.Әбдіқалықова ҚР Президенті жанындағы ұлттық комиссия құрамынан шығарылды

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер енгізілді.

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

«Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, төраға орынбасары (келісім бойынша)» деген жолдың алдында мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі (келісім бойынша), төраға»;

«Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)» деген жол алып тасталсын;

аталған Комиссияның құрамынан Г.Н.Әбдіқалықова шығарылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 4 мамыр

№ 325

Хабар 24 телеарнасы