419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбритания мен Қазақстан қарым-қатынасты дамытудың жаңа бағыттарын талқылады

  • 339
  • UPD: 11:23, 09.05.2020
Ұлыбритания мен Қазақстан қарым-қатынасты дамытудың жаңа бағыттарын талқылады

Ұлыбританиялықтар өзге елдермен жақын қарым-қатынас құруда байланыстың жеңіл әдістерін қолданады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы жаһандық саясатта Soft Power деген ұғым бар. Басты мақсат – өзге мемлекеттермен әртүрлі салалардағы ықпалдастықты ашық әрі сенімді түрде қалыптастыру. Осы ретте халықаралық сарапшылар Британ-Қазақ қоғамының ұйымдастыруымен өткен онлайн кездесуде елдер қарым-қатынасын одан әрі дамытатын жаңа бағыттарды талқылады. Әсіресе, пандемиядан кейінгі әлем елдерінің өзара байланысын дамытудың жолдары сөз болды.

Пол Браммелл, Ұлыбритания СІМ департаментінің жетекшісі:

- Ұлыбритания мен Қазақстан қарым-қатынасы ашықтық пен сенім қағидаттарына негізделген. Soft, яғни жеңіл форматтағы достық байланыс орнаған десек болады. Мен елші қызметін атқарған жылдары Британиялық кеңес «Болашақ» бағдарламасымен тығыз қарым-қатынаста болды, бұл байланыс әлі де жалғасуда. Сондай-ақ Уэльс композиторы Карл Дженкинс батысқазақстандық аса талантты филармониялық оркестермен бірлесіп, альбом жазды. Бұдан бөлек, ағылшын футбол жанкүйерлері әлем чемпионатының іріктеу ойынына Алматыға барып, қазақстандықтардың қонақжайлығына тәнті болғаны да әлі есімде.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов осы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған және халықаралық қауымдастықтың сенімін нығайтқан бастамалар туралы айтып өтті. «Егер елдер сенім, дәстүр, ашықтық және төзімділік принциптеріне сүйенетін болса, дағдарыстан кейінгі кезең оңай еңсеріледі», - деді ол.

Хабар 24 телеарнасы