Қ.Тоқаев: Әлемде 400 млн астам кәсіпорын банкрот болудың алдында тұр
- 361
- UPD: 14:06, 11.05.2020

Бұл туралы Президент Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қорытынды отырысында айтты.
«Әлемдегі еңбекке жарамды халықтың жартысына жуығының табысы азайды. Сарапшылар жаһан экономикасы соңғы жүз жыл ішінде болмаған деңгейге түсетінін болжап отыр. Осындай жағдайға қарамастан, еліміз бірқатар басымдыққа ие болып отырғанын айтқым келеді. Бізде қаржы резерві жеткілікті және мемлекет қарызының көлемі мүмкіндігімізге орайлас. Ең бастысы, біз жаңа ахуал жағдайында жұмыспен қамтамасыз ету және экономикалық тиімділікті арттыру үшін ресурстарды қайда жұмсау керектігін білеміз», – деді Қ.Тоқаев.