417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шавкат Мирзиёев Елбасыға құттықтау жеделхатын жолдады

  • 387
  • UPD: 15:32, 12.05.2020
Шавкат Мирзиёев Елбасыға құттықтау жеделхатын жолдады

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Елбасы атына Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтау жеделхатын жолдады.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты жеделхат арқылы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл майдан даласында кеудесін оққа тосқан батыр бабаларымыз бен тылда тер төккен жандардың күллі адамзатты фашизмнен құтқарып, жеңіске жеткен күні. Ардагерлеріміздің қайтпас қайсарлығы, Отанына деген сүйіспеншілігі, батырлығы ешқашан ұмытылмайды. Жыл өткен сайын Жеңістің құндылығы арта түседі» делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы