410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда құмар ойынына арналған жаңа аймақтар ашылмайды

  • 117
  • UPD: 13:10, 13.05.2020
Қазақстанда құмар ойынына арналған жаңа аймақтар ашылмайды

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ел аумағында жаңа ойын аймақтарын ашу мүмкіндігін қолдамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Осы заң жобасы бойынша депутаттар көптеген маңызды түзетулер енгізді. Мәселен, жұмыс тобы барысында жаңа үш ойын аймағын ашу туралы нормалар алып тастау, ойын бизнесін ұйымдастырушыларға заң жобасында көзделген міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық белгілеу жөнінде, сондай-ақ жақын туыстарының өтініші бойынша соттың құмар ойындарды және бәс тігуді теріс пайдаланатын адамдарды әрекет қабілеті шектеулі деп тануға қатысты ұсыныстар енгізді.

«Депутатардың ұсынысы бойынша қосымша үш ойын аймағын ашу туралы нормалар алып тасталды. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар қазір жұмыс істеп тұрған ойын аймақтарына ауысады», - деді Н. Нығматулин. Осы орайда ол бумекерлік кеңселер мен тотализаторларды мегаполистер мен облыс орталықтарында және қалаларда қалдыру туралытұжырымдар негізсіз екенін атап өтті.

«Менің ойымша, осында мемлекеттік органдардың қолдауымен депуттар белсенді ілгерілеткен ұстанымды екінші оқылымға дейін қолдау керек», - деді Нұрлан Нығматулин.

«Бізде не болып жатыр? Жұмыстан шыққан адам үйіне жеткенше жолдағы оншақты кеңселер арқылы өтеді. Қолындағы ақшаны соған салып, үйіне тапқан табысынан айырылып келеді. Егер ойнағысы келсе, көлікке отырып, тиісті аймақта (Бурабай, Қапшағай) ойнайды», - деді Мәжіліс төрағасы.

Хабар 24 телеарнасы