422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШЫҰ Сыртқы істер министрлері пандемияға байланысты бірлескен іс-шараларды талқылады

  • 288
  • UPD: 19:14, 13.05.2020
ШЫҰ Сыртқы істер министрлері пандемияға байланысты бірлескен іс-шараларды талқылады

Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кезектен тыс отырыс өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әдетте жүзге жуық адам атсалысатын жиын бұл жолы ерекше форматта ұйымдастырылған. Яғни, қатысушылар өз елінде отырып, онлайн байланысқа шықты. Ресей тарапының төрағалығымен өткен басқосуға Қазақстан, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің Сыртқы істер министрлері қатысты. Олар ұйымға мүше мемлекеттердің коронавирусқа қарсы күш біріктіруі және БҰҰ-ның 75 жылдығын атап өту мәселелерін сөз етті. Сондай-ақ Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жайын талқылады. Отырыстың нәтижесі бойынша ұйымға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрліктерінің COVID-19 пандемиясына байланысты мәлімдемесі қабылданды.

Айбек Смадияр, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Бүгінгі іс шарада ШЫҰ Сыртқы істер министрлері халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, қазіргі коронавирустық инфекцияның таралу кезінде бірлескен іс-шаралар мәселелерін кең талқылады. Сондай-ақ ШЫҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Хабар 24 телеарнасы