422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия Президенті Қазақстанның індетке қарсы іс-шараларына жоғары баға берді

  • 764
  • UPD: 21:47, 18.05.2020
Түркия Президенті Қазақстанның індетке қарсы іс-шараларына жоғары баға берді trend.az

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, Қазақстанның COVID-19 індетіне қарсы іс-шараларына жоғары баға берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Хатта: «Кеселге қарсы жұмыстарыңызды мұқият қадағалап отырмыз. Қазақ халқы бұл дағдарысты аз шығынмен еңсеретініне сенімім мол. Достас әрі бауырлас Қазақстанға қол ұшын созуға әрдайым дайынбыз. Қазақстандық достарымыздың күш-жігеріне қолдау болар деген ниетпен еліңізге медициналық жабдықтар жіберудемін», – делінген. Түркия Президенті вирустан көз жұмған азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, науқастардың тезірек сауығуына тілектестігін жеткізді. Соңында екіжақты стратегиялық әріптестік дағдарыстан кейін қазіргіден де беки түсетініне сенім білдірген.

 

Хабар 24 телеарнасы