422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан – Иран арасындағы құқықтық көмек алмасу деңгейі өседі

  • 327
  • UPD: 15:49, 20.05.2020
Қазақстан – Иран арасындағы құқықтық көмек алмасу деңгейі өседі

 

Қазақстан мен Иран арасындағы өзара құқықтық көмек алмасу деңгейі өседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Мәжілісте екі ел арасындағы азаматтық істер бойынша екіжақты әріптестік туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасы мақұлданды. Әділет министрінің міндетін атқарушы Наталья Панның айтуынша, азаматтық сот өндірісі саласында Иран аумағындағы қазақстандықтарға құқықтық жәрдемдесу бағытына жаңа серпін беріледі. Сондай-ақ құжаттарды тапсыру, дәлелдеме жинау және ұсыну, сарапшы мен куәгер шақыру, сот актілері мен төрелік шешімдерді орындау белгіленген. Екі елдің құқықтық көмек көрсету рәсімдерінде бірлесе қызмет ететін құзыретті органдары болады.

Наталья Пан, ҚР әділет министрінің міндетін атқарушы:

– Осы келісім Қазақстанның Иранмен құқықтық ынтымақтастықты дамытуға, азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуді реттеуге, екі мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға тиімді екіжақты тетіктерін қорғауға бағытталған. Келісімді жасасудың өзектілігі Иран аумағындағы Қазақстан азаматтарының мүдделерін толық құқықтық қорғаудың қамтамасыз етудің қажеттілігіне негізделген.

 

Хабар 24 телеарнасы