411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Катар елінен гуманитарлық көмек жеткізілді

  • 85
  • UPD: 23:39, 21.05.2020

Бүгін Катар елінен Қазақстанға гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дохадан елордаға жөнелтілген жүктің жалпы салмағы 8 жарым тонна. Жоғары сапалы медициналық маска, арнайы киім, қолғап, көзілдірік, халат және өзге де құралдар Катар әуе компаниясының арнайы рейсімен әкелінді. Бұл көмек Катар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған еді. Гуманитарлық жүкті «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі медициналық мекемелер арасында таратады.

Әбдуләзіз бен сұлтан әл-Румейхи, Катар елінің Қазақстандағы елшісі:

– Тоғыз тоннаға жуық гуманитарлық көмек, атап айтқанда, қорғаныш құралдары Қазақстандағы медицина қызметкерлеріне, індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген әскерилер мен өзге де қызметкерлерге табысталады. Катар елі күні бүгінге дейін Қазақстан сияқты қол ұшын созуды сұраған елдерге көмектесіп келеді. Бұл ретте қандай көмек, қандай мөлшерде қажет екенін анықтай отыра, мүмкіндігімізше қолдау көрсетеміз.

Ержан Мұқаш, Таяу, Орта шығыс және Африка елдері департаментінің директоры:

– Осымен екінші араб елінен бізге екінші гуманитарлық көмек келе жатыр. Осыдан бір ай бұрын, өздеріңіз де білесіздер, БАӘ-нен келген болатын. Мынау енді Катар елінің басшысының тапсырмасымен Қазақстанға келіп отырған тікелей көмек. Сондықтан біз Катар үкіметіне ризашылығымызды білдіреміз.

Хабар 24 телеарнасы