422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Филиппин мен Австралиядағы елшілерді тағайындады

  • 368
  • UPD: 09:57, 22.05.2020
Мемлекет басшысы Филиппин мен Австралиядағы елшілерді тағайындады cci france kazakhstan

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар мемлекеттегі елшілер тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлайды.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Австралия Одағындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы