418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төлеутай Рақымбеков: Жастардың билікке келуіне жол ашылды

  • 182
  • UPD: 20:48, 25.05.2020

Жаңа заңдағы 30%-тік квота туралы айттық.

Ел сарапшылары «бұл 30% ең төменгі шек», дейді. Яғни, жастар мен әйелдердің қос палатадағы үлесі кемінде осынша болуы керек. Одан көп болса, құба-құп.

Төлеутай Рақымбеков, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы:

-Бұл заңдардың жобасы қаралған кезде Мәжілістің жұмыс тобына мен өзім де қатыстым. Талқылап, жан-жақты қарастырып, осы 30% болу керек деген тоқтамға келдік. Бұл – ең төменгі көрсеткіш. Одан әрі жоғары болатын болса, оған ешкім шектеу қоймайды. Егер саяси партиялардың тізімінде әйелдер мен жастардың үлесі 40, 50, 70% болса, оған ешкім шектеу қоймайды деген ұсынысқа тоқталдық. Сол қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы