426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алғаш рет «Парламенттік оппозиция» деген ұғым бекітілді

  • 245
  • UPD: 15:06, 28.05.2020
Елімізде алғаш рет «Парламенттік оппозиция» деген ұғым бекітілді

Енді Мәжілістегі өзге партия депутаттарының дәрежесі нұротандықтармен теңестіріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отырысқа қатысқан мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың айтуынша, енді оппозиция өкілдері Парламентте белсенді жұмыс істейді. Ал Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл заң жобасы парламенттік оппозицияға кепілдік береді және кәсіби парламентаризмнің көкжиегін кеңейтеді деді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Президентіміз Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында бірқатар саяси реформа ұсынғанын білесіздер. Бүгін біз соның аясында әзірленген маңызды екі заң жобасын қабылдап отырмыз. Соған сәйкес елімізде демократиялық үрдістерді әрі қарай дамыту мақсатында қолданыстағы заңнамаға «парламенттік көпшілік» және «парламенттік оппозиция» ұғымдары кіргізіліп отыр. Заңмен мәжіліске сайланатын парламенттік оппозияцияның өкілеттіктері және олардың жұмысын қамтамыз ету тетіктері нақты айқындалды.

Хабар 24 телеарнасы