405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетау мемлекеттік университетінде Елбасы жайлы энциклопедия жарық көреді

  • 224
  • UPD: 23:55, 29.05.2020

Елбасының ерен еңбектері ел есінде мәңгі сақталуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Тұңғыш Президенттің кітапханасы мен Ақмола облыстық әкімдігі және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ұйымдастырған ғылыми-тәжірибелік конференция осыны көздейді. «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдылық» атты жиынға ғалымдар, дипломаттар, студенттер мен ұстаздар қауымы қатысты. Онлай режимде өткен іс-шарада шетелдік саясаткерлер Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік аренадағы айтулы істерін әңгімелесе, ғалымдар білім саласындағы еңбектерін тілге тиек етті. Жақында Көкшетау мемлекеттік университетінде Елбасы жайлы энциклопедия жарық көреді.

Хабар 24 телеарнасы