412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысының үндеуіне атыраулықтар үн қосты

  • 187
  • UPD: 20:10, 30.05.2020

Мемлекет басшысының үндеуіне атыраулықтар да үн қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тарихшы Аққали Ахмет бұл комиссия отандық тарихты қайта қалыптауға жол ашуы тиіс деп есептейді. «Енді архивтерді ақтарып қана қоймай, жазықсыз жапа шеккен тұлғаларды ақтап алу ұрпақ алдындағы парызымыз», – дейді ғалым. 

Аққали Ахмет,  тарихшы, ғалым:

– Бұл комиссиядан күтетініміз – ақталмай қалған, әсіресе сол кездегі Қылмыстық кодекстің 59-бабы бойынша бандылар деген, 107-статья бойынша сотталған азаматтардың барлығы ақталуға тиісті. Мысалы, Азамат соғысы кезіндегі Алашорданың офицері болған Абылаев деген азамат та күні бүгінге дейін ақталмаған азаматтардың бірі. Осындай азаматтарды архивтерден іздеп-тауып, қазір олардың құжаттарын іздестіру оңай болмағанымен, олардың алдында біздің азаматтық парызымыз, олардың көпшілігін ақтау – осы комиссияның мойнында деп ойлаймын.

 

Хабар 24 телеарнасы