412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиядағы қандастарымыз Президент бастамасын қуанышпен қабылдады

  • 205
  • UPD: 22:15, 31.05.2020
Түркиядағы қандастарымыз Президент бастамасын қуанышпен қабылдады

Анадолыдағы қандастарымыз Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси құғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде комиссия құру туралы бастамасын қуанышпен қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені қуғын-сүргінде бас сауғалап Түркия асқандар аз емес. Қандастарымыздың айтуынша, Президенттің комиссия құру туралы шешімі ата-баба алдындағы тарихи борышты өтеуге мүмкіндік береді. Зұлмат жылдардың шындығын зерделеуге жол ашады. Анкарада онлайн ұйымдастырылған конференцияға түріктің белгілі ғалымдары қатысып, ақтаңдақ жылдардың тарихи мәнін сөз етті. Конференцияға Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлы қатысып, баяндама жасады. Атажұрттан Түркияға ауып, сол жерден пана тапқан қазақтар жайы сөз болды. Зұлматты бастан кешкен буынның бір ұрпағы профессор, доктор Абдувахап Қара.

Абдувахап Қара, профессор, доктор:

- Саяси құғын-сүргіннен атамекендегі қазақтармен қоса, шетелдегі қазақтар да зардап шекті. Сол 1930-1940-шы жылдары біздің аталарымыз саяси қуғын көріп, Үндістан, Пәкістан арқылы Түркия мен Еуропа елдеріне шашырап кетті. Оның біз көп зардабын тарттық.

Хабар 24 телеарнасы