405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

  • 167
  • UPD: 18:33, 03.06.2020
Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Қазақстан Президентіне Маңғыстау облысының қоғамдық-саяси ахуалы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайы, аймақтағы коронавирусқа қарсы күрес шаралары және Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспарының орындалу барысы жайында баяндалды.

Серікбай Трұмов Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс экономикасын әртараптандыру,  өңдеу өнеркәсібі мен туризм, көлік-логистика бағыттарын дамыту, ауыл шаруашылығы саласындағы шағын несиелеуді қолдау шаралары туралы айтты.

Мемлекет басшысы өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндірісті дамыту мен аймаққа инвестиция тарту, туризм саласындағы жобаларды жүзеге асыру және коронавирус індетіне қарсы күрес жөнінде бірқатар тапсырма берді.  

 

 

Хабар 24 телеарнасы